Елімізде туберкулез дертінен өлім-жітім деңгейі төмендеді

Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/
Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/

Өткен жылдан бері 17 жасқа дейінгі балалардың арасында туберкулезден қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазір елімізде 8092 адам туберкулез дертіне шалдыққан пациент ретінде есепте тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры, Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатр-дәрігері Мәлік Әденов мәлім етті.

"Биыл 6 айдың қорытындысы бойынша ересектер арасында туберкулезге шалдығу 13,9%-ға, ал таралуы 16,1%-ға, сол сияқты балалар арасында туберкулезбен сырқаттану 6,7%-ға төмендеді. Жыл басынан бері алдын алу шаралары мен заманауи емдеу әдістерінің нәтижесінде туберкулезден өлім-жітім 20%-ға төмендеді. Тағы бір айта кететін жайт, өткен жылдан бері 17 жасқа дейінгі балалардың арасында туберкулезден қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ", — деді Мәлік Әденов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, қазір елімізде 8092 адам туберкулез дертіне шалдыққан пациент ретінде есепте тұр. 

"Туберкулезге қарсы қызмет жедел диагностика әдістерін белсенді енгізіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жаңа туберкулезге қарсы препараттар мен емдеу тәсілдерін қолданады. Бұл шаралар елдегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты жақсаруына ықпал етеді. Мәселен, соңғы 10 жылдың ішінде туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 43%-ға, оның тарауы 52%-ға, ал балалардың аталған індетке шалдығуы 50,3%-ға, сонымен қатар өлім-жітім 75,6%-ға төмендеді", — дейді ол.

Оқи отырыңыз: Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

 

Новости партнеров