Елімізде Түркіменстанның 15 азаматы жазасын өтеп жатыр

Бұл елдің азаматтарына қарсы 7 қылмыстық іс тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан түрмелерінде Түркіменстанның 15 азаматы жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл елдің азаматтарына қарсы 7 қылмыстық іс тіркелген. Бүгін мәжіліс Қазақстан мен Түрікменстанның қылмыспен бірлесіп күресу туралы келісімін ратификациялады. Құжатқа былтыр 10 қазанда Мемлекет басшысының сол елге сапары кезінде қол қойылған. Келісім екі елдің қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығын құқықтық тұрғыдан реттейді.

«Онда ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік, террористік және экстремистік қылмыстар, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі құралдарының психоторптық заттар мен олардың прикурсорларының заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және адам саудасы саласында екі елдің құзыретті органдарының қарым-қатынасын дамыту көзделеді. Келісім халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Оқи отырыңыз: ІІМ Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдарының ісін тексеруге дайын

Новости партнеров