ІІМ Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдарының ісін тексеруге дайын

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынның билетін алып-сатты деген Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдарының ісін тексеруге дайын. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, егер ресми түрде арыз түссе, тексеріс жүргізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде екі әншінің ұлдары матч билеттерін 350 мен 600 мың теңгенің төңірегінде сатқаны туралы жазба тарап, көпшіліктің ашуын туғызған. Кейінірек Олжас Еспанов әзіл ретінде жарияланғанын түсіндірсе, Сәкен Майғазиевтің ұлы «досына жарнама жасағанын» айтып ақталды.

«Бұл ақпаратты сіздерден естіп отырмын. Бірақ тексеруге дайынбыз. Ол үшін бізге қандай да бір адам ресми түрде арыз жазуы керек, сол кезде тәртіп бойынша міндетті түрде тексереміз. Мен халықтың арыз-шағымын көрген жоқпын. Десе де, тексереміз», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Оқи отырыңыз: Кәріз құбырын ауыстырған: Қарағандыда екі азамат көз жұмды

Новости партнеров