Елімізде велосипед пен самокаттарға мемлекеттік нөмір тағылмайтын болды

15.05.2025 12:51

Бұл туралы ІІМ хабарлады

Kelly Sikkema/unsplash.com/

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха велосипедтер мен самокаттарға мемлекеттік нөмір тағылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

ІІМ велосипедтер мен самокаттарға мемлекеттік нөмір тағуды жоспарлап отырған жоқ.

«Қазір барлық самокатта идентификациялық нөмір бар. Олардың көлемі кішкентай, көзге көрінбейді. Оны самокатқа фирма агрегатор өздері қояды. Қазір біз осы нөмірлер көзге көрініп тұруы үшін тиісті шарттар әзірлейміз. Мысалы, көшеде самокат мінген адам баланы қағып кетсе, біз бірден агрегаторға хабарласып, осы уақытта самокатпен кім жүргенін анықтаймыз. Осылайша әлгі адамды тауып аламыз», - деп түсіндірді Лепеха Мәжіліс кулуарында.

Оқи отырыңыз: Атырауда 100-ге жуық мас жүргізуші ұсталды