Елімізде жеті өңірдегі оқушылар онлайн оқуға ауысты

Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елдегі эпидахуал өршіп, жеті өңірдегі оқушылар онлайн оқуға ауысты. Дәлірек айтқанда, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша 132 мектепте 1469 сынып қашықтан оқып жатыр. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, бір сыныпта тұмау жұқтырған балалардың саны жалпы сыныптағы оқушының 20 пайызынан асып кетсе, бір кабинетте отырып білім алу жүйесі тоқтайды. Екіншіден, сыныптағы балалардың 30 пайызы ауырып жатса, онда оқу онлайн форматқа ауысады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы аптада республика бойынша 183 адам жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 20 пайызға көп.

«Ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғалы елімізде ЖРВИ-дің шамамен 1,5 миллион жағдайы тіркелді. Өткен эпидемиологиялық маусым кезеңімен салыстырғанда ол 20 пайызға төмендігін байқаймыз. 14 жасқа дейінгі балалардың арасында шамамен 1 миллиондай жағдай тіркелді. Науқастардың  65-66 пайызы балалар», – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында ауыл балалары ескі үйде білім алуға мәжбүр

Новости партнеров