Әлеуметтік желіге тіркелу үшін бала жасы шектеле ме

Халық қалаулысы  «бұл – балалардың психикасына, ұйқысы мен зейініне кері әсер етеді» дейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Депутаттарды жас ұрпақтың күн ұзақ әлеуметтік желіде отыратыны алаңдатады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжіліс отырысында Цифрлық кодекс жобасы талқыланып, онда Асхат Аймағамбетов «балалар әлеуметтік желіде 5 жастан бастап отырады» деп, мәселеге ерекше ден қойды. Сөзінше, бүгінде Tik-Tok пен YouTube сияқты желілерді бүлдіршіндер еркін қолданады.

Халық қалаулысы  «бұл – балалардың психикасына, ұйқысы мен зейініне кері әсер етеді» дейді. Сондай-ақ басқа елдерде әлеуметтік желілерге жас және уақыт бойынша шектеу қойылғанын мысалға келтіріп, ата-аналардың бақылауын күшейту қажет екенін атап өтті.

«Қазақстанда TikTok, Instagramды айтатын болсақ, 5-6 жаста тіпті ешқандай ата-ананың ескертуінсіз верифиакциясыз тіркелуге болады. Ал басқа мемлекеттерді алатын болсақ, заң қабылданып жатыр. Данияда, Австралияда тіркелуге 15-16 жастағы балаларға ғана рұқсат берілген. Ал АҚШ, Ұлыбритания, Ирландияда ата-ананың арнайы рұқсаты керек, верификация керек. Цифрлық даму министрлігі мен Оқу ағарту министрлігі мәселе бойынша позициясы қандай? – деді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Елімізде жанармай экспортын шектеу мерзімі тағы ұзартылды 

Новости партнеров