Елімізде жаңажылдық кештердің бағасы қанша

Svitlanka Dlinnaya/unsplash.com/
Svitlanka Dlinnaya/unsplash.com/

 Жаңа жылды ұжым болып тойлау үлкен қалаларда дәстүрге айналған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жылға санаулы күндер ғана қалды. Дәстүр бойынша көптеген ұжым жаңажылдық корпоратив өткізу үшін түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр. Елдің қай аймақтарында бұл шараны бюджеттік тұрғыда тиімді өткізуге болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көкшетау мейрамханалары жаңа жылды ең қолжетімді бағада – адам басына 10 мың теңгеге қарсы алуды ұсынады. Бұл сомаға екі ыстық тағам, бес салат, екі түрлі шай кіреді. Алкогольді ішімдіктер мен шайға тәттілерді сырттан алып келуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ концерттік бағдарлама, жүргізуші, шоу-балет қойылымы, Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауы да қуанта түспек. Кейбір мейрамханалар жаңа жылдық брондау үшін 20-25 мың теңге сұрайды. Сонымен қатар, кейбір мейрамхана иелері биыл корпоративтік кеш өткізуден мүлде бас тартқан. Олар мұндай шаралар бойынша ірі бизнестен асып түсу қиын екенін алға тартады.

Жаңа жылды тиімді қарсы алуға болатын тағы бір қалалар – Орал мен Семей. Мұндағы баға адам басына 10-15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін жетеді. Осындай шамадағы соманы Тараз бен Өскеменде де жұмсауға болады. Алайда, бұл қалаларда алкоголь мен сусындар бағаға кірмейді. Бірақ бағасы жоғарырақ ірі мекемелер оларды өзіңізбен бірге алып келуге рұқсат етеді.

Түркістан тұрғындары үшін жаңа жылдық кеш сәл қымбатқа — 15-тен 30 мың теңгеге жетуі мүмкін. Қызылорда мен Талдықорғанда баға 15-25 мың теңге аралығында.

Ақтөбеде жаңажылдық корпоративтер құны 15-30 мың теңгеден басталады. Бұл бағаға алкоголь кірмейді, бірақ кеште қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Қостанайда жаңажылдық кешті 15-35 мың теңге аралығында ұйымдастыруға болады. Мұнда танымал әртістердің қатысуымен all inclusive бағдарламалар да бар.

Петропавлда жаңажылдық кеш үшін орташа баға –адам басына 15 мың теңге. Бұл сомаға алкоголь мен шай дастарханы кірмейді. Баға 25 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін, бірақ көптеген мекемелер өз бағдарламалары мен ас мәзірін 18-20 мың теңгеге бағалап отыр.

Жезқазғанда бастапқы бағалар сәл жоғары – адам басына 16-18 мың теңгеден басталады.

Ақтау мен Атырауда корпоративтік кеш өткізу құны адам басына 20-35 мың теңгеден басталады. Шымкентте жаңа жылдық кештің ең төменгі бағасы – 20 мың теңге (эконом-пакет), бірақ кейбір жерлерде баға 38 мың теңгеге дейін көтеріледі.

Павлодарда «корпоративтердің» орташа бағасы – 20-25 мың теңге, кейбір мейрамханаларда бұл баға 30 мың теңгеге дейін жетеді. Қала тұрғындары мұндай бағаларды тым қымбат деп есептейді.

Қарағандыда корпоративтер қымбаттырақ – 25-45 мың теңге аралығында. Алкоголь мен шай дастарханы дәстүрлі түрде бөлек төленеді.

Астанада корпоративтердің бағасы 25 мың теңгеден басталып, орта есеппен 35 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ мұнда да ерекшеліктер бар. Кейбір мейрамханалар залдарды тұтастай жалға береді, яғни бұл жерге кіру үшін кемінде 50 орын брондау керек. Жаңажылдық мәзір 30-35 мың теңге шамасында болады, ал айырмашылық тек алкогольді өнімдерге байланысты. Бағаға ас мәзірі, бар, мерекелік бағдарлама, сондай-ақ Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы кіреді.

Алматыда да корпоратив бағалары шамамен осындай – 25-35 мың теңге аралығында. Кейбір мейрамханалар арнайы жаңажылдық пакеттер ұсынады. Мысалы, 25 мың теңге + 10% қызмет көрсету ақысы – нәтижесінде бір адамға 27 500 теңге шығады. Екінші пакет – 29 мың теңге + 10% қызмет көрсету ақысы – барлығы 31 900 теңге. Бұл бағаға үш түрлі салат, суық тағамдар, бір ыстық тағам және бар қызметі кіреді. 29 мыңдық пакетте қосымша екінші ыстық тағам мен бес түрлі тағамдар ұсынылады.

Көптеген мекеме15-20 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жұмыс істейді, бірақ 31 желтоқсанда баға адам басына 30-35 мың теңгеге дейін көтеріледі, оған 10% қызмет көрсету ақысы қосылады.

Оқи отырыңыз: Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі

 

 

Новости партнеров