Елімізде жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында арнайы шара басталды - ІІМ

23.01.2026 11:21

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтарды анықтайды

Аlmaty.tv

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жолдардағы апат деңгейін төмендету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 23-25 қаңтар аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара өтеді.

Аталған іс-шараның мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және елдегі заңдылықты нығайту. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері басқа да құзыретті органдармен бірлесіп, еліміздің жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, құқықбұзушылықтарды анықтайды.

Сондай-ақ халықпен, әсіресе жасөспірімдермен, жастармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді басқаратын азаматтарды анықтауға және қауіпті жүргізушілерге басым назар аударылады.

Сонымен қатар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, ауа райының нашарлауы кезінде жолға шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылау қамтамасыз етіледі.

Ішкі істер министрлігі елдімекендерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қатты боран мен көктайғақ болады