Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қатты боран мен көктайғақ болады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жолға жауапты мамандар жүргізушілерге ескерту жасады

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райы жағдайының нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2026 жылғы 23 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Абай, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Алматы және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар жауып, боран болады», - делінген хабарламада.

Сол себепті жолға жауапты мамандар жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады

Новости партнеров