Елімізде жүргізуші куәлігін алу талаптары күшейтіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жүргізуші куәлігін алу талаптары күшейтіледі. Алдағы уақытта емтихан тапсыру рәсіміне өзгерістер енгізіліп, жасанды интеллект технологиясы қолданылатын болады. Сонымен қатар азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін тапсыратын сынақ ақылы негізге көшіріледі. Бұл бастама көлік тізгіндеушілердің даярлағын сапалы етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Жүргізуші куәлігін алуда тағы қандай өзгерістер бар?

Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Надир Құрымбаев жауап береді.

 - Надир мырза, негізгі жаңашылдықтарға тоқталып өтсеңіз.

«Жол ережесінің жиі бұзылуына байланысты жүргізуші куәлігін алуға қатаң шаралар енгізіліп жатыр. Біріншіден, жүргізуші куәлікті алу үшін міндетті түрде ХҚО-ға келу керек. Бұрын бірінші, екінші және үшінші әдістен тапсыратын болса, арасында 30 күн уақыт берпілетін, қазір 10 күнге қысқартылды. Бұл - бір жағынан азаматтарға жеңілдік жасаудың  әдісі. Екіншіден, әдістерді теориялық емтихан кезінде AR очкиді енгізу. Бұл деген адамның қатысуынсыз AR очки арқылы осы теориялық емтиханды тапсыру. Үшіншіден, бұл теориялық тестілеуді Ұлттық тестілеу орталығында тапсыру мүмкіндігін қарастырып жатыр»

- Надир мырза,бұл жүйеге жасанды интеллект технологияларын енгізу қаншалықты тиімді?

«Қазіргі таңда ЖИ-ді енгізу өмір талабы деп айтсақ болады. Сондықтан осы теориялық және практикалық емтиханды тапсыруға байланысты келесі өзгерістер енгізіледі. Теориялық емтиханды AR очки арқылы тапсыру тыйым салынған құралдарды, микро құлаққаптар, әртүрлі камералар жасырынды камералар қолдау мүмкіндігін азайтады. Ал практикалық емтиханды тапсыру кезінде Computer Vision енгізілетін болады. Адамның қатысуынсыз ЖИ барлық іс әрекеттерді бақылап және де барлық  белгіленген маршурттар да қарайтын болады».

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында сотталғандарға арналған әлеуметтік жоба жүзеге асырылды

Новости партнеров