Еліміздегі стоматологияларды тексеру жоспарда жоқ - ДСМ

Almaty.tv
Almaty.tv

3 жастағы қыздың өліміне байланысты тексеру Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі стоматологияларды жаппай тексеруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері вице-министрден Астанадағы Dent-Park клиникасында 3 жастағы қыздың өліміне байланысты стоматологияларды жаппай тексеру мүмкіндігін сұраған еді.

"Әрине, бұл өте сорақы әрі резонансты оқиға. Не бәрі 3 жастағы сәби, обал. Ең алдымен, Денсаулық сақтау министрлігі көңіл айтады. Екіншіден, сот-медициналық сараптаманы Әділет министрлігі жанында, сот-медициналық сараптама органдары жүргізеді. Бұл ретте белгілі бір тексерді шынайы жүргізу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары тартылмайды. Стоматологиялық клиникаларды жаппай тексеруге қатысты айтар болсам, бүгінде мұндай жоспарымыз жоқ. Тексеру Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады", — деді Тимур Сүлейменов. 

Оқи отырыңыз: Тіс емдетуге барып, көз жұмған: Астанада Зере Есентайдың ісіне қатысты тың деректер айтылды

 

Новости партнеров