Еліміздегі тасжолдар бойында заманға сай дәретханалар салынбақ

20.11.2025 16:09

Жаңа әжетханалар орнатылып, қолданыстағылары қайта жөндеуден өтіп жатыр

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол бойындағы қызметтерді дамыту мақсатында республикалық маңызы бар автожолдардың бойында жаңа санитарлық-гигиеналық кешендерді соғып, оларды қолданысқа беруде, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Компания мәліметінше, туристер мен автокөліктердің санының артуына байланысты еліміздің жолдарында қызметтерге деген сұраныс өсіп жатыр. Сол мақсатта жаңа әжетханалар соғылып, қолданыстағылары қайта жөндеуден өтуде.

Бұл жұмыстардың барлығы жол пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

«ҚазАвтоЖол» санитарлық гигиеналық-кешендерді соғып, оларды жергілікті кәсіпкерлерге сауда жүргізуге, тазалықты сақтауға және халыққа қызмет көрсету үшін жалға ұсынуда. Бұл бастама тораптарды тек таза ұстау ғана емес, жергілікті халыққа қосымша жұмыс беріп, кіші және орта бизнестің дамуына септігін тигізеді», - делінген хабарламада.

Осылайша, Қазақстандағы жол бойындағы қызметтер жүргізушілер мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасайтын болады.

Оқи отырыңыз: Еліміздің ақылы жолдарынан бюджетке 72 млрд теңге қаржы түсті