Еліміздегі «Үздік туристік ауылдар» белгілі болды

21.09.2026 16:56

2026 жылы байқауға алты облыстан өтінім түсіп, барлығы 13 ауылдық елдімекен ұсынылды

Фото: «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ

Қазақстанда ауыл туризмін дамыту және шағын елді мекендерді дербес туристік бағыт ретінде таныту жұмыстары жүріп жатыр. Kazakhstan Travel Forum 2026 аясында «Үздік туристік ауыл» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапаттарды Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұрбол Байжанов табыстады.

Ауыл туризмін дамыту жергілікті тұрғындарды туристік қызметке тартуға, қосымша табыс көздерін қалыптастыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ өңірлердің табиғи және мәдени мұрасын сақтауға мүмкіндік береді. Бірегей табиғат, этнографиялық ерекшеліктер, қолөнер, ұлттық тағамдар мен дәстүрлі өмір салты жаңа туристік өнімдерді қалыптастыруға негіз болады.

«Үздік туристік ауыл» байқауын «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ 2025 жылдан бастап өткізіп келеді. 2026 жылы байқауға алты облыстан өтінім түсіп, барлығы 13 ауылдық елдімекен ұсынылды.

Іріктеу қорытындысы бойынша «Үздік туристік ауыл» мәртебесіне ие болғандар:

  • Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылы;
  •  
  • Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Имантау ауылы;
  •  
  • Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылы;
  •  
  • Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылы;
  •  
  • Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылы.


Жеңімпаздарға өздерінің туристік әлеуетін одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ қолжетімді квотаға қарай олар UN Tourism ұйымының Best Tourism Villages халықаралық бастамасына қатысуға ұсынылады.

-«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ байқауға қатысушылар мен жеңімпаздарға ақпараттық қолдау көрсетіп, ауылдық аумақтарды, жергілікті туристік бағыттар мен жаңа туристік өнімдерді ілгерілетуге ықпал етеді,-делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда жас ауыр атлеттер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

Толық көрсету