Еліміздің бірнеше өңірінде қылмыстық топтардың заңсыз әрекеті әшкереленді - ҰҚК

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК мен ІІМ-нің бірлескен операциясы барысында 20 адам ұсталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қару-жарақты өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөлікті заңдастыру, сондай-ақ өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шаралар бір мезгілде Алматы; Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткізілді.

"Нәтижесінде 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Көктемгі су тасқынына дайындық: өңірлерде қандай жұмыстар атқарылып жатыр

Новости партнеров