Еліміздің екі облысында су заңнамасын бұзғандарға 46 млн теңге айыппұл салынды

Арал-Сырдария инспекциясы 450 әкімшілік іс қозғады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Су заңнамасын бұзғандарға 46 миллион теңге айыппұл салынды. Мұндай дерек Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркеліп отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Шаруалар егістікке қажетті суды тиісті келісім арқылы алуы керек болған. Ал заң бұзушылар мұндай талапты пысқырмапты. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы биыл тоғыз айда жүргізген тексеріс нәтижесінде 450-ге жуық әкімшілік іс қозғап, заң бұзғандардың жолын кесіпті.

Биыл елімізде жаңадан қабылданған Су кодексі бойынша салада бақылау күшейген. Инспекция мамандары өткен егін маусымында 300-ден аса жеке және заңды тұлғаға түсіндірме жүргізіп, ескерту беріпті.  

«38 су сорғысын және насос орнатып, заңсыз су алып жатқан жеке және заңды тұлғалар анықталды. Оның ішінде Түркістан облысында – 23, Қызылорда облысында – 15. Барлығына жалпы сомасы 46 млн 715 мың теңге айыппұл салынды. Қазіргі таңда 292 тұлғадан 26 млн 500 мың теңге өндіріліп алынды. Қалғандары ҚР заңнамасына сәйкес сот орындаушыларына беріліп, толық өндіріледі», – деді Арал-Сырдария бассейні инспекциясының басшысы Зейнолла Қазтоғанов.

Оқи отырыңыз: Энергетика саласына жасанды интеллект енгізіледі: дрондар ақауды әуеден анықтайды

Новости партнеров