Көздің қасаң қабығын ауыстыру: Алматы дәрігерлері екі науқастың көру қабілетін қайтарды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында алты науқастың өмірін сақтап қалуға көмектескен мультиағзалық донорлық процестер жүргізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының офтольмология бөлімі меңгерушісі Гульзат Абдраимова күрделі көз ауруы салдарынан көру қабілеті нашарлаған екі науқасқа көздің қасаң қабығын ауыстыру  отасын жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

1983 жылы туған бірінші науқас бұрын көздің орталық қасаң қабатына ене кірген жарақат алып, салдарынан көздің көру қабілетінен айырылған.

Екінші науқасқа буллёзды кератопотия, яғни қасаң қабақтың күрделі өзгерісі, яғни көздің  қарауытуы және көру қабілетінің төмендеуіне себеп болған жанама кератопатия отасы жасалған.

Екі ота да сәтті аяқталды. Қасаң қабыққа жасалған отадан кейін екі науқастың да көру қабілеті жақсарған, ал ол адам өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді. Дәрігер Абдраимованың сөзінше, қасаң қабақты ауыстыру қазіргі уақытта қасаң қабақтағы көру қабілетін нашарлау салдарын жоюға мүмкіндік беретін бірден бір ота болып табылады.

Қазіргі заманғы микрохирургиялық технологиялар осындай күрделі оталарды асқан дәлдікпен және отадан кейінгі асқынуларсыз өткізуге мүмкіндік береді.

Айта кетерлік жайт, бұған дейін Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында алты науқастың өмірін сақтап қалуға көмектескен мультиағзалық донорлық процестер жүргізілді.

1962 жылғы әйел адам өлімінен кейін донор бола алды. Әйел адамның туыстарының рұқсатының көмегімен бірнеше өмірге маңызды ағзаларды трансплантациялауға мүмкіндік берілді: жүрегі-1988 жылы туылған науқасқа, бауыры- 1982 жылғы науқасқа, оң жақ бүйрек- 1996 жылы туған науқасқа, сол жақ бүйрегі 2017 жылдан бері трансплантацияны күткен 1966 жылғы науқасқа берілді. Сонымен қатар қасаң қабығы 1983 жылы және 1956 жылы туылған екі науқасқа берілді.

Процесті ұйымдастыру мен бақылау ҚР ДСМ қарасты Республикалық трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтер орталығы мен Алматы қаласының жетекші трансплантация орталығы - кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу орталығымен, Сызғанов атындағы хирургиялық Ұлттық ғылыми зерттеу орталығымен және Орталық қалалық клиникалық ауруханамен бірігіп жүргізілді.

Донордың жас ерекшелігіне қарамастан дәрігерлер ағзалардың жақсы жағдайда екенін және әрі қарай да жақсы қызмет атқара алатындығын атап өтті. Бұл жағдай донорлықтың  үлкен адамгершіліктің және адам өмірін сақтап қалу мен денсаулығын жақсартудағы  маңызды шешім  екендігінің дәлелі болды.

Бұл Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы осы жылда жасалған екінші қасаң қабақты ауыстыру отасы.

Сол кезде, маусым айында жанама кератопластикаға жасалған ота буллёзды кератопатия және көздің қарауытуынан арылып, көру қабілетін қайтаруға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Алматыда бір донордың ағзалары алты адамның өмірін сақтап қалды

Новости партнеров