Онда еңбек мигранттары үшін құжаттарды заңсыз ресімдеуге қатысы бар бес жергілікті тұрғын ұсталды
Еліміздің бірнеше өңірінде шетел азаматтарын шекарадан заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктілер оларға жалған құжат дайындап, уақытша тұруға рұқсат ететін қағаз жасап беріп отырған. Ішкі істер министрлігінің ақпарына сай, Жамбыл облысында жергілікті тұрғын таулы аймақ арқылы Еуроодақ елдеріне табыс үшін барғысы келетін алыс шет мемлекеттердің азаматтарына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған. Ал,Атырау облысында үш адам жалған құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстан аумағында басқа шетелдіктерді тіркеумен айналысқан.
"Осы сияқта қылмыстық схема Елордада ашылды. Онда еңбек мигранттары үшін құжаттарды заңсыз рәсімдеуге қатысы бар 5 жергілікті тұрғын ұсталды. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Оқи отырыңыз: Ақсай қаласында ит қапқан 5 жасар қыз ауруханаға түсті