Елімізге келер жылы бірнеше кертағы мен жолбарыс жеткізіледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Министр Тұран жолбарысы мен Кертағы (Пржевальский) жылқысын қайта жерсіндіру бойынша ауқымды жобалар жүргізіліп жатқанын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келесі жылы елімізге бірнеше кертағы мен жолбарыс жеткізілмек.  Бұл туралы жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Сонымен бірге, биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейтудеміз. Биыл тиісті Тұжырымдаманы бекіту жоспарлануда. Жалпы алғанда елімізде сирек кездесетін жануарлар түрлері: арқар, жейран, құлан және тоғай бұғысының саны артып келеді", - деді ол.

Министр Тұран жолбарысы мен Кертағы (Пржевальский) жылқысын қайта жерсіндіру бойынша ауқымды жобалар жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Прага зообағымен бірлесіп, 2024-2025 жылдары 14 Кертағы жылқысы елімізге жеткізілді, 2026 жылдың маусым айында тағы да 7–8 жылқыны әкелу жоспарланып отыр. Ресей Федерациясымен уағдаластық бойынша Жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2026 жылы 3–4 жолбарыс әкелу жоспарланып отыр", - деді Ерлан Нысанбаев.

Оқи отырыңыз: 2026 жылдан бастап барлық азамат онкоскринингтен тегін өте алады

Новости партнеров