Референдумға дейін:
22
күн
18
сағат
7
минут

Елімізде 90 елдімекен қала мәртебесіне ие

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі
Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі

Ақмола облысында қаланың саны көп 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 90 елдімекен қала мәртебесіне ие. Оның ішінде 39 қала – облыстық маңызы бар, 48 қала – аудандық маңызы бар, ал 3 қала – республикалық маңызы бар қалалар санатына жатады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, өңірлер бөлінісінде қалалардың ең көп саны Ақмола облысында – 11 бірлік. Сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – әрқайсысында 8 қаладан бар. 

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында 195 аудан, 29 кент, 2 157 ауылдық округ және 6 096 ауыл тіркелген. 

Республика бойынша аудандардың ең көп саны Ақмола облысында – 17 бірлік, кенттердің ең көбі Қарағанды облысында – 8 бірлік. Ауылдардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 794 бірлік.

Оқи отырыңыз: Алматыда полиция жол қауіпсіздігін бақылауға алды

Новости партнеров