Астаналық тұрғын 16 жылға бас бостандығынан айырылды
Тайландтан аса ірі көлемде есірткі өткізбек болған астаналық тұрғын 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі
Елорда соты 32 жастағы ер адамды шетелден гашиш майын заңсыз әкелгені үшін кінәлі деп таныды.
Көліктегі полиция жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында оның қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін нақты айғақтар табылған.
Тінту кезінде күдіктінің жалдап тұрған пәтерінде үш келіге жуық есірткі тауарлары анықталды.
Тергеу мәліметіне сәйкес, ер кісі оларды сатылымға әзірлеген.
Бұдан бөлек, электронды таразылар, буып-түюге арналған құралдар, SIM-карталар және қомақты қаржы тәркіленіпті.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері көліктегі полиция қызметкерлері есірткіге қатысты 200-ден астам құқықбұзушылықтың жолын кескен.
Оқи отырыңыз: Алматы хайуанаттар бағына жарты жылда жарты миллионнан астам адам барған