Елордада Аstana Media Week апталығы басталды

25.09.2024 22:48

Алғашқы күні қазақ тілінде диктант жазды

Almaty.tv

Елордада Аstana Media Week апталығы басталды. Дәстүрлі іс-шараның бұл жолғы арқау еткен тақырыбы – "Медианың ықпалы және цифрлық үйлесім". Отандық БАҚ өкілдері осы бағытта өз ойын ортаға салып, пікір алмасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдағы үш күнде ұйымдастырылатын жиынға  жетекші мамандар, халықаралық ұйым өкілдері мен төртінші билік мамандары қатысады. Апталықтың алғашқы күнінде қатысушылар ақпараттың жылдам ағыны жайында сөз қозғады. Мұнымен қоса қазақ тілінде "Мақсат"атты жаппай диктант жазу өтті.

"БАҚ құралдары мемлекеттік органға запрос жасаса, олар 5 күн ішінде жауап беру» керек. Ал әлеуметтік желінің қолданушысы жазса, мәселе 15-30 күн аралығында қаралады. Осы тұста  БАҚ өкілдерінің ерекшелігін атап өткім келеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттік орган тек БАҚ өкілдерін тіркей алады", – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов

Аstana Media Week апталығы аясында контент-маркет өтеді. Мұнда телеарналар мен продакшндар өздерінің әзірлеген озық медиа жобаларын көпшілікке таныстырады деп жоспарланған. Сонымен қатар отандық және шетелдік жетекші медиаменеджерлер, тәуелсіз сарапшылар тәжірибе алмасып, түрлі талқылау жүргізбек.

Айта кетсек, іс-шара осымен сегізінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

"Қазір жиырма бірінші ғасырда әр секунд сайын бір жаңалық жылт етеді. Оны қалт жібермеу керек.  Бұл ретте өңірлік БАҚ өкілі ретінде айтарым, тәуліктің қай сағатында болмасын хабар таратуға үлгеру керек. Технологияның заманы болған соң бәрінен қалыс қалуға болмайды. Қазір блогерлер, әлеуметтік желіне белсенді жүргізетін азаматтар көбейіп кетті", – деді  «ТДК-42» телеарнасының директоры рустам Машарипов.

Оқи отырыңыз: Қожа Ахмет Ясауи кесенесін мемлекет қорғауға алды