Кінәлі тұлға жәбірленушілерге залалды толық өтеген
Елордада жеңіл жолмен пайда табуды көздеген алаяқ ақпараттық жүйе пайдаланушысының сенімін теріс пайдалану және алдау арқылы заңсыз табыс табу схемасын құрған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2024 жылы елорда тұрғыны «WhatsApp» қосымшасында жалған хабарлама жариялаған.
Әйел адам азаматтардың назарын аудара отырып, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне жетпеген тұлғаларға БЖЗҚ-дан қаражат алу қызметтерін ұсынған.
«Алаяқ өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына қарамастан, зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған. Барлығы 17 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген», - делінген хабарламада.
Сотта кінәлі тұлға өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген.
Сот үкімімен ол сотталды.
Оқи отырыңыз: Қолқаны қапқан иіс: Ақтауда неге 6 ай заңсыз қоқыс орны тазартылмады