Көлік министрлігінің мәліметінше, рейд барысында шамамен 622 автокөлік тексерілді
Елордада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді. Биыл 1 сәуірден бастап өңірде ереже бұзған жүк көліктерінің иелеріне 92 млн теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Көлік министрлігінің мәліметінше, рейд барысында шамамен 622 автокөлік тексеріліп, 347 заңбұзушылық фактісі анықталған. Оның ішінде артық жүктеу жағдайы да бар.
Тәртіпті қадағалауды күшейту үшін қаланың кіреберістері мен негізгі көшелеріне 6 жылжымалы бекет қойылған. Жұмыстың ауқымды болуына байланысты Астанаға еліміздің 17 өңірінен көліктік бақылау инспекторлары тартылған. Министрлік мәліметіне сүйенсек, тексеріс негізінен құрылыс материалдарын тасымалдайтын көліктердің салмағын өлшеуге бағытталған.
Жауапты органдар жүргізушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға, көліктерге артық жүк артпауға шақырады.
Оқи отырыңыз: Адам саудасы: елімізде 41 қылмыс тіркелді