Елордадағы жанжал: Әткеншек үшін төбелес шығарған ата-аналар жауапқа тартылады

01.09.2026 13:38

Олар 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

Астанада әткеншекке таласып, бір-біріне қол жұмсаған ата-аналарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы елордалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Енді жанжалға қатысушылар 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын балалардың әткеншекке міну кезегіне қатысты дау туып, ата-аналар сол жерде жұдырықтаса кеткен. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Ата-аналардың әрекетін ақтай алмаймыз. Ересектер іс-әрекеті үшін жауап беретінін түсінуі тиіс. Әсіресе олардың жанында балалар болған кезде,  бұл талаптың маңызы арта түседі. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысы бар барлық адамның әрекетіне құқықтық  баға беріледі. Заңнамада 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген», – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Эльмира Шәуленова.

Оқи отырыңыз: Алматы прокуратурасы жолдардағы тәртіпті күшейтуді жалғастыруда

Толық көрсету