Елуге жуық оқушының улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Almaty.tv.
Almaty.tv.

Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсуіне байланысты істі полиция тексереді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің тексеру қорытындысы негізінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тиісті процестік шешім қабылданады", — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен емханаға жатқызылған.

Кейін РФММ әкімшілігі оқушылардың ауруханаға түсуіне байланысты түсінік берді. Бүгінде мектеп ғимараты мен мектеп-интернатта дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген. Ал ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, мектеп-интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар 14–16 қазан аралығында мектеп сабақтары онлайн форматта өтеді.

Оқи отырыңыз: Салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті