Enactus World Cup: әлем кубогына елімізден 2000 жас кәсіпкер арнайы шақырту алды

02.10.2024 в 17:40

Іс-шараға 33 елдің студенттері мен кәсіпкерлері, академиялық көшбасшылары қатысады

Астанада «Enactus World Cup» әлемдік кубогы өтіп жатыр. Екі күнге жалғасатын іс-шараға 33 елдің студенттері мен кәсіпкерлері, академиялық көшбасшылары қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар ғылым, білім, инновацияны қамтитын түрлі бағыттағы жобаларды сарапқа салмақ. Бұл жолғы бәсекеде ел намысын Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жас ғалымдары қорғап жатыр. Дәстүрлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 2000 жас кәсіпкер арнайы шақыртылған.

"Студенттер жобасын кәсіпкерлерге көрсетеді. Кәсіпкерлер инвестор болып табылады", – деді  «Enactus Kazakhstan» ұлттық офисі академиялық кеңесінің төрағасы Сәуле Зейнолла.

Оқи отырыңыз. Auyl sport: елімізде ауқымды жоба басталады