Қайғылы жағдай Қарағанда облысында жаңадан салынып жатқан зауыт аумағында болған
Қарағанды облысының Еңбек инспекция құрылыс алаңынан құлап, қаза тапқан жұмысшының өліміне қатысты арнайы тексерісті бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құзырлы мекеме өкілдері оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның құрылатынын мәлімдеді. Қайғылы жағдай жаңадан салынып жатқан зауыт аумағында, монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарының жүріп жатқанын хабарлаған.
"Qaragandy Power Silicon салынып жатқан зауытында болған жазатайым оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті бірқатар сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқи отырыңыз: Талғарда жер сілкінісіне байланысты мектептерде сабақ өтпейтін болды