Еңбек құқығы бұзылған қызметкер не істеуі керек - маман кеңесі

12.08.2025 16:01

Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 28 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Биыл 1 тамызындағы мәліметке сүйенсек, еліміздегі 239 кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы қарыз болып келген. Қабылданған шаралардың, соның ішінде жалақы берешегін өтеудің қатаң кестелері мен мерзімін белгілеудің арқасында 3 мың 400-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 1,1 млрд теңге төленіпті. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы «Алматы» телеарнасының студия қонағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Сағихан Төлеуғалиден сұрап білсек.

– Сағихан Таңатарұлы, жалақы қарызы анықталғаннан кейін қандай шаралар қолға алынады?

«2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республиканың 239 кәсіпорны 3,5 мыңнан астам жұмыскердің алдында 1,3 млрд сомаға  жалақы  берешегі анықтады. Мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіп орындарға 4 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Сонымен қатар қабылданған нәтижелерге сәйкес 2000 астам нұсқама берілді және де 277 млн теңгеге айыппұл салынды. Сонымен қатар еңбек заңнамасын мәселелері бойынша 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдайға сәйкес 3 мыңнан астам тексеріс жүргізілді, оның ішіндегі 4 мыңнан астам құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішіндегі 3 мыңы еңбек саласындағы, 600 ол еңбек қауіпсіздігі және 19 жұмыспен қамту болып табылады. Қазіргі кезде 28,5 мың жұмысшылардың алдынды еңбек құқықтары қорғалды.

– Жалақы бойынша берешек мәселесінің негізгі себептері қандай?

«Негізгі себептері – кәсіпорынның жағдайы, басшылық жағынан дұрыс, тиянақты қамтамасыз етпеуі. Жұмысшылардың алдында келісімшарттардың дұрыс тіркемелмегендігі де себеп бола алады»

– Еңбек құқығы бұзылған қызметкер қандай іс әрекет жасауы тиіс?

«Еңбек құқығы бұзылған қызметкер жалақы берешегі бойынша мәселесі болса,  талап арызымен Мемлекеттік еңбек инспециясына жүгіну керек. Мемлекеттік еңбек инпекциясы тексеріс жүргізіп, құқық бұзушылық анықталған жағдайда ұйғарым беріп, әкімшілік айыппұл салынады. Бүкіл материалдар сот орындаушыға жіберілетін болады».

Оқи отырыңыз: Бағанашылдағы дау: облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды