Енді медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың жазасы күшейтіледі

25.12.2025 15:48

Қылмыстық кодекс жаңа баппен толықтырылады

Аlmaty.tv

Сенаторлар медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілерін қызметтік міндетін атқару кезінде қорғауды күшейтуге бағытталған Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілетін түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қылмыстық кодекс «Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту» атты 380-3-баппен толықтырылады.

Күш қолданамын деп қорқытқаны үшін:

• 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл,
• не түзеу жұмыстары,
• не 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар,
• не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру көзделеді.

Күш қолданғаны үшін жауапкершілік:

• өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану - 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
• ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда - 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайда:

Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді, ал ауырлататын мән-жайлар болса — 7 жылдан 12 жылға дейін жаза тағайындалады.

Оқи отырыңыз: Алматыда мереке қарсаңында патрульдік полиция экипаждарының саны артты