Олжас Бектенов өңірдің энергетикалық инфрақұрылымының дамуымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және көмір генерациясын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапардың басты мақсаты – экономика мен халықтың өсіп келе жатқан электр энергиясына сұранысын қанағаттандыру үшін жаңа қуат көздерін іске қосу, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру бағытында атқарылып жатқан шаралармен танысу болды.
Энергетика саласында атқарылған жұмыстар:
Сонымен бірге Премьер-министр «Богатырь Көмір» кенішіне барып, көмір өндіру процесінің ағымдағы жағдайымен танысты. Бұл кәсіпорын елдегі көмір өндірісінің ірі үлесін қамтамасыз етіп отыр және өндірістік процестерді автоматтандыру арқылы тиімділікті арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бектенов өңірдің энергетикалық нысандарының жоспарланған мерзімде іске қосылуын қамтамасыз ету, қазіргі және болашақ жобаларды іске асыруды жеделдету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы дайындалды