Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына арналды
Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық акция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кең көлемдегі іс-шараға соғыс ардагерлері, еліміздің қарулы күштерінің офицерлері, өзге мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар және әскери колледждердің курсанттары мен оқушылар қатысты. Жастар үшін жылдан-жылға қатары сиреп бара жатқан батырлардың ерлігін өз ауызынан тыңдау өте әсерлі болды. Ұйымдастырушылар «өскелең ұрпақты елін сүюге, батыр бабаларын құрметтеп, тарихтан тағылым алып, кез келген уақытта Отанын қорғауға дайын болуға үйрететін мұндай акциялардың маңызы зор» дейді. Игі бастаманың өтуіне «Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігі мен Әскери-патриоттық тәрбиенің ұлттық орталығы мұрындық болды.
«ҰОС ардагерлеріне алғыс айтамыз. Биыл сексен жыл толды. Олардың саны аз қалды. Алматыда 18 ардагер бар. Бірақ 5-6 қария ғана жүре алады», – деді «Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмұт Телеғұсов.
Оқи отырыңыз: Алматыда Желтоқсан құрбандарына тағзым жасалды