Ер мен әйелдің ерікті әрі тең одағы – жаңа Конституциялық жобаға неке туралы түсінік енді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Құжатта отбасы ішіндегі жауапкершілік ұғымы да жүйелі түрде қамтылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция жобасында неке мен отбасы институтына қатысты қағидаттар жаңаша құқықтық мазмұнмен айқындалған. Құжатта отбасы қоғамның негізгі тірегі ретінде қарастырылып, мемлекет тарапынан жан-жақты қорғауға алынатыны нақты бекітілген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атап айтқанда, 30-бапта «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады» деп көрсетіледі. Бұл норма отбасылық құндылықтардың конституциялық деңгейде танылып, әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты ретінде белгіленгенін білдіреді.

Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында «Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деп некенің құқықтық анықтамасы да айқын жазылған. Бұл қағида некенің еріктілік, теңдік және заңдылық принциптеріне негізделетінін көрсетеді.

Құжатта отбасы ішіндегі жауапкершілік ұғымы да жүйелі түрде қамтылған.

«Балаға қамқорлық жасау және тәрбие беру ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», сондай-ақ «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» екені 30-бапта белгіленген.

Осылайша, жаңа Конституция жобасы неке мен отбасы институтын тек құқықтық ұғым ретінде емес, қоғамның тұрақтылығы мен әлеуметтік бірлігінің іргетасы ретінде қарастырып, ұрпақтар арасындағы жауапкершілік пен өзара міндеттілікті конституциялық деңгейде бекітеді.

Оқи отырыңыз: Білім мен ғылым, мәдениет пен инновация – жаңа Конституция жобасының өзегі

Новости партнеров