Еріген қар суы Кеген - Нарынқол автожолын басып қалды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Аталған учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылғы 3 сәуір күні сағат 11:30-да «Кеген – Нарынқол» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 20-шақырымында ауа температурасының күрт жылынуы және таудағы еріген қар суларының ағуы салдарынан қолданыстағы су өткізгіш құбырдың зақымдануы, сондай-ақ жолдың жер төсемінің шайылуы тіркелді, - деп хабарлайды Almaty.tv. ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Аталған учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпаған. Қазіргі уақытта бұл жол бөлігі орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мердігер ұйымның қарауында.

Оқиғаның орын алуына байланысты қозғалыс уақытша шектеліп, көлік қатынасы қиыршықтасты жол арқылы ұйымдастырылды. Жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта шамамен 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылуда.

Жақын арада қиыршықтас төсемі бар уақытша айналма жол салу жоспарланып отыр. Су өткізу құбыры мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың өтуі толық аяқталғаннан кейін басталады.

Аталған учаскедегі қозғалыс қарқындылығы тәулігіне шамамен 500 автокөлікті құрайды. Жол 1960–1970 жылдары салынған.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Көлігіңіздің шығарындысын тексеріңіз» акциясы өтеді

Новости партнеров