Еріктілер шала туған сәбилерге арнап 22 мың жиынтық тоқыды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандағы жаңа туған нәрестелерге арналған 30 жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесіне қолдау көрсетіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда шала туған сәбилерге қолдау көрсету үшін әр буын өкілдерінің басын қосқан «Нити Добра» атты бірегей волонтерлік жоба дамып келеді. Тоғыз жыл ішінде бұл бастама еліміздің сегіз өңіріндегі 130 белсенді волонтерді біріктіретін ауқымды қауымдастыққа айналды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның негізі 2017 жылғы маусымда Алматыда Гүлниса Құлымжанованың жетекшілігімен қаланды. Команданың мақсаты – мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилерге күтім жасайтын медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету. Волонтерлер сәбилерге арнап жүннен бұйымдар тоқиды. Жоба басталғалы жүннен тоқылған 22 мыңнан астам жиынтық, мақта жіптен тоқылған 12 мыңнан астам сегізаяқ ойыншығы, сәбилерге арналған 300 ұяша және кувездерге арналған 125 жапқыш дайындалды.

Қазақстандағы жаңа туған нәрестелерге арналған 30 жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесіне қолдау көрсетіледі. Медициналық мекемелерге тапсырылар алдында әр бұйым тексеріліп, өңдеуден өткізіледі. 

Жоба аға буын өкілдерін волонтерлікке тартып, әртүрлі буынның ортақ іске жұмылуына жол ашуымен ерекшеленеді. Команданың 80 пайызға жуығын аға буын өкілдері құрайды. Олар өз ісімен белсенді азаматтық ұстаным мен өзара көмектің маңызын көрсетіп келеді.

Оқи отырыңыз: Әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді