Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Ерлан Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ерлан Өтегенов 1997 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істеп келеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында басшылық қызметтерді атқарды.
Алматы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары және Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының және Алматы облысы бойынша Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма бастығы болған.
2019 жылдың маусымынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.
Оқи отырыңыз: Әскери спортшылар Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды