Ерлік сыныбы: Алматыдағы мектептердің бірінде жас сарбаздар ант қабылдады

Оқушылар әнұран орындап, әскери ардагерлер игі тілегін білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы мектептердің бірінде «Ерлік сыныбы» ашылып, жас сарбаздар ант қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты рәсімнен соң 5-сынып оқушылары әнұран орындап, әскери ардагерлер игі тілегін білдірді. Тәуелсіздік күніне орайластырылған іс-шараны қалалық Білім басқармасы мен Ұлттық ұлан ұйымдастырған.

Айта кетейік, аталған сыныпта мектеп бітіргенше оқып, үздік деп танылған түлектер, алдағы уақытта білім сынағын тапсырмай, қалаған оқу орындарына түсе алады.

«Патриоттық тәлім-тәрбие беру, отанды сүю, отанды қорғау – қасиетті парыз екенін еске сала отырып, ата-бабаларымыздың ерліктері мен қазіргі заманның батырларының ерлігін ұштастыра отырып, «Ерлік сыныбын» аштық», – деді № 210 мектеп-лицейі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ниязтай Әлкешев.

Оқи отырыңыз: Алматыда аңызға айналған мұз айдыны жаңғыртылып жатыр

Новости партнеров