Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі: соғыс ардагерлері оқушылармен кездесті

30.04.2025 21:14

Мектептің «Жетісу жауһарлары» оркестрі күйден шашу шашты

Алматыдағы №57 жалпы білім беретін мектепте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған танымдық-тәрбиелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға Ауған соғысының қатысушылары, аудан басшылығы, ұстаздар мен оқушылар қатысты. «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» тақырыбында өткен басқосуда оқушылар соғыс жылдарынан сахналық қойылым қойып, елге деген сүйіспеншілігін әнмен жеткізді. Мектептің «Жетісу жауһарлары» оркестрі күйден шашу шашты.

 «Ерлік көрсеткен ұлы тұлғаларымызды әрдайым есте сақтауымыз керек. Жүрегімізде мәңгі сақталады. Іс шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты жеңістің оңай келмегенін түсіндіру, ардагерлердің ерлігін дәріптеу, оқушыларымызды ұлтжандылыққа, патриот болуға тәрбиелеу», – деді № 57 жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлбану Тәуекелова.

Оқи отырыңыз: Көктем көркі – қызғалдақ: Алматыда қалалық фестивалі өтті