Ертіс өзеніне Сібір бекіресінің шабағы жіберілді
Негізгі мақсат – бағалы балықтың популяциясын сақтап, су биоресурстарын молайту
Ертіс өзеніне 22 мыңнан астам Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Негізгі мақсат – бағалы балықтың популяциясын сақтап, су биоресурстарын молайту. Ертіске жіберілген шабақтардың 8 мыңнан астамы – бір жылдық, қалған 14 мыңы биыл өсірілгендер.
Айта кетейік, Абай облысындағы балықтандыру жұмысы 2023 жылдан бері тұрақты жүргізіліп келеді.
«Ертіс бассейіндегі балық популяциясын толықтыру мақсатында Жаңа Семей ауданының Крупская ауыл аймағындағы су айдынына Сібір бекіресінің 22 мыңнан астам шабағы жіберілді. Жіберілген сібір бекіресі шабақтарының жалпы саны – 8 300. Олардың әрқайсының салмағы кемінде 150 грамм. 1 жылдық балықтар, ал 14 мыңы әрқайсысының салмағы кемінде 20 грамм болатын 1 жаздық шабақ», – деді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Баян Қайратқызы.
Оқи отырыңыз: Алматыға өңірлерден арзандатылған бағамен 400 тонна азық-түлік жеткізіледі