"Ерзи" әлеуметтік-оңалту орталығы жаңа жабдықтармен толықты

09.12.2024 18:21

Аталған орталық келушілерге бірнеше бағыт бойынша қызмет көрсетеді

«Ерзи» әлеуметтік-оңалту орталығы жаттығу жасауға арналған жаңа жабдықтармен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша мүмкіндігі шектеулі жандардың тезірек оңалып кетуіне мүмкіндік туды. Аталған орталық келушілерге бірнеше бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Оның ішінде әлеуметтік жәрдемақы алуға құжат жинау, психологиялық көмек, медициналық оңалту бар. Ал дәрігерлер мен физиотерапевтер әр келуші үшін жеке бағдарлама дайындайды. Айта кету керек, қызмет алушылар арасында аяққа тұрып, жаңа өмірге қадам басқандар да бар екен.  

«Біздің орталықта массаж, емдік дене шынықтыру, физиотерапия бар. Осындай әлеуметтік объектілерде комьюнити орталықтар жақсы», – деді «Ерзи» әлеуметтік-оңалту орталығының басшысы Ербол Игембергенов.

Оқи отырыңыз: Қушоқы елдімекенінде жылу тарифі күрт шарықтады