Кеште ақынның жырлары оқылып, қаламгердің сөзіне жазылған әндер орындалды
Алматыда көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушановтың шығармашылығына арналған поэтикалық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері бас қосқан іс-шараға Қырғызстаннан арнайы келген делегация қатысты. Кеште ақынның жырлары оқылып, қаламгердің сөзіне жазылған әндер орындалды. Қазақ поэзиясында ерекше қолтаңба қалдырған ақынның жалынды өлеңдері 1973 жылдан бастап жарияланған. Жиында сондай-ақ белгілі мәдениет қайраткерлері Есенғали Раушанов жайлы жылы естеліктер айтылды.
"Есенғали Раушанов қазақ ақындарын, әлем әдебиетін өте жақсы білген. Ол –түйгенін қазақтың топырағына сіңірген ғажап ақын. Мен оны Абай тәрізді ұлттық деңгейге көтерілген ақын деп санаймын", – деді ақын, "Түркістан" газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы.
Оқи отырыңыз: «Шахматшы қыз» телехикаясының барлық бөлімін YouTube каналымыздан көріңіз