Михаил Кукушкин Алматыда негізгі жарысқа жолдама алды

14.10.2024 15:57

Качмазов 4 эйспен шектелді

elements.envato.com

Қазақстандық, әлемнің 111-ракеткасы Михаил Кукушкин Алматы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 198-орында тұрған ресейлік Алибек Качмазовтың меселін қайырды.

Бірінші партияда Кукушкин 5:0 есебімен алға кетіп, қарсыласына бір гейм ғана берді – 6:1. Екінші сетте есеп 2:2 болғаннан кейін Михаил қарқынын үдетті – 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Качмазов 4 эйспен шектелді.

Осылайша, Михаил Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алды.

Алматыда алғаш рет өтіп жатқан ATP 250 турнирінде М.Кукушкиннен басқа Қазақстаннан Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев және Тимофей Скатов өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Анна Данилина әлемдік рейтингіде 22-орынға көтерілді