Есіл өзеніне лас су ағызған кәсіпорынға қомақты айыппұл салынды

Кәсіпорын Есіл өзеніне 3,5 мың текше метрге жуық лас суды рұқсатсыз ағызған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлдағы коммуналдық кәсіпорын өзен арнасын ластағаны үшін 174 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот осындай шешім шығарыпты. Оқиға былтыр қыста болған. Кәсіпорын Есіл өзеніне 3,5 мың текше метрге жуық лас суды рұқсатсыз ағызған. Заңбұзушылықты Табиғат қорғау прокуратурасы мен Экология департаменті анықтаған.

«Экология департаменті өзенге шамамен 3,5 мың текше метр сарқынды су төгілгенін анықтады. Осыған байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, сотқа жолданды. Сот шешімімен коммуналдық кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот актісі заңды күшіне енді. Қазір келтірілген залалды өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Ерұлан Бимендин.

Оқи отырыңыз: Қазылған жерді қалпына келтірмеді: ақтөбеліктер жол азабын тартып келеді