Алматыда колледж оқытушылары арасында үздіктер анықталды

Сайысқа 32 педагог қатысып, 30 түрлі мәселеге 30 нақты шешім ұсынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәсіби шығармашылық, адалдық, азаматтық ұстаным мен заңға құрмет. Алматыда колледж оқытушылары арасында «Үздік педагогикалық шешім» атты байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық Ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылған сайысқа 32 педагог қатысып, 30 түрлі мәселеге 30 нақты шешім ұсынды. Ұстаздар қауымының еңбегі түйткілдің өзектілігіне, шешімнің жаңашылдығына, авторлық әдіс пен практикада қолданылуына қарай бағаланды.

Сондай-ақ білім алушылардың «Адал азамат» принципін жете түсінгеніне ерекше мән берілді. Байқау қорытындысы бойынша 3 оқытушы жүлделі сыйлыққа ие болса, қалған қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

«Жаңа Конституцияны не үшін қабылдады, оның мақсаты не? «Адал азамат» идеясының тығыз байланысы бар екенін балаларға түсіндірдік. Іс-шара тек білім беру саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды нақты инновациялық, әрі практикалық шешімін ұсынуға бағытталған жоба болды», – деді  Алматы көпсалалы колледжі Ғылыми-әдістемелік оқу жұмысы жөніндегі директорының орынбасары Гүлім Ызғарбаева

Оқи отырыңыз: Әкімнің қабылдауында: Алматыда ерекше баланың анасына баспана беріледі