Есірткі саудасы: пәтерін зертханаға айналдырған Орал тұрғыны қолға түсті
Almaty.tv
Күдікті өсімдіктердің тұқымын интернет-дүкеннен алғанын мойындаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өз пәтерін есірткі өндіретін зертханаға айналдырған Орал тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицияның хабарлауынша, күдікті баспанасының бір бөлмесінде жарықдиодты шамдар мен тыңайтқыштарды пайдаланып, құрамында зиянды заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсірген. Тінту кезінде оның үйінен 11 түп қарасора, 7 жас өскін, сондай-ақ темекі шегуге арналған құралдар тәркіленген. Күдікті өсімдіктердің тұқымын интернет-дүкеннен алғанын мойындаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз: Алматы тауларында биыл 600-ден астам адамға көмек көрсетілді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
26.09.2026 14:00
Ақылы жолда ақшаны қалай үнемдеуге болады
25.09.2026 14:37