Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеуден бірде-бір дүкен банкрот болған жоқ - министр

Almaty.tv
Almaty.tv

Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің пайымынша, қымбаттау алып-сатарлықпен байланысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеуден бірде-бір дүкен банкрот болған жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрінің бағасы реттеледі. Әзірше, бұдан бірде-бір дүкен банкрот болған емес. Ал қазір біз енгізіп жатқан шара уақытша. Шамалы санын ұлғайтып, бұл тізбені 33-ке дейін жеткіземіз. Бұл инфляция үш құрамдасының ішінде дәл азық-түлік инфляциясы бізді қатты алаңдатуымен байланысты. Өйткені, ұзақ уақыттан бері бір азық-түліктің баға өсімінің қарқыны байқалады әрі бұл маусыммен байланысты емес", — деді вице-премьер Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. 

Оның пайымынша, қымбаттау алып-сатарлықпен байланысты. 

"Сауда министрлігі елдегі барлық импорт өнімдер әкелетін ірі көтерме сауда жасаушыларды шақырып, олармен сөйлесті, себептерін анықтады. Біз мұны жай ғана енгізіп қоймаймыз. Үй жанындағы дүкендер мен қажеттілік болған жағдайда ірі компанияларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл кәсіпорындарды банкроттыққа алып келеді деп ойламаймыз", — деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне қызанақ, қияр, алма, сиыр еті сүйегімен, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйегімен, жаңа немесе салқындатылған балық, мұздатылған балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік, қара шай қосылады.

Оқи отырыңыз: Алматы тауларында биыл 600-ден астам адамға көмек көрсетілді

Новости партнеров