Тінту кезінде оның баспанасынан 150 граммнан асатын синтетикалық өнім, сондай-ақ таразы, қолғап пен 6 мың магнит табылған
Павлодарда есірткі таратпақ болған 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол зиянды затты жасырып жатқан сәтте тәртіп сақшыларының қолына түскен. Тінту кезінде оның баспанасынан 150 граммнан асатын синтетикалық өнім, сондай-ақ таразы, қолғап пен 6 мың магнит табылған. Күдіктінің айтуынша, ол есірткіні тапсырыс берушілерге байланыссыз тәсіл арқылы жеткізбек болған. Зиянды затты магнитпен металлға бекітіп, артынша суретке түсіріп, орналасқан жерін нақтылап отырған.
Полиция департаментінің дерегінше, осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз салынған базар сүріліп жатыр