Есірткі тасымалы: Алматыға марихуана жеткізбек болған күдікті ұсталды

04.08.2026 19:26

Заңсыз жүк «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактика лық іс-шарасы кезінде тәркіленді

Жамбыл облысында 43 келіден астам марихуананы Алматыға жеткізбек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Заңсыз жүк «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактика лық іс-шарасы кезінде тәркіленді. Полицейлер Қордай ауданында күдік тудырған Hyundai жеңіл көлігін тоқтатып, тексеріс жүргізіпті. Нәтижесінде, жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны және көлік жүргізу құқығы жоқ екені анықталды. Ал қызметтік ит жүк салғыштан 43 келіден астам төрт қап кептірілген марихуананы анықтады. Күдікті есірткіні Алматыға жеткізбек болғанын мойындаған. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ал жүргізушіге қатысты көлік құралын басқару құқығынсыз және есірткілік масаң күйде жүргізгені үшін тиісті шара қолданылып, әкімшілік қамаққа алынды.  Айта кететін жайт жыл басынан бері полиция қызметкерлері 120 кг есірткі тасымалының алдын алды», – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұқтарқұлова.

Оқи отырыңыз: Нұрай Серікбайдың сотында жанжал шықты