Қатысушылардың айтуынша, есірткі жарнамасы мен оны насихаттаудың жасырын тәсілдері көбейген
«Есірткіге елігу әлеуметтік желіден басталады». Алматыда прокуратура ардагерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері Қонаев университетінің студенттерімен жиын өткізіп, зиянды заттың заңсыз айналымының алдын алу тақырыбында кеңінен сөз қозғады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ұйымдастырушылар жастардың құқықтық сауатын арттыру мен қауіпсіз орта қалыптастыру білім беру ұйымдарының басты міндеті екенін атап өтті. Қатысушылардың айтуынша, есірткі жарнамасы мен оны насихаттаудың жасырын тәсілдері көбейіп, әлеуметтік желі арқылы таратылып жүр. Кездесуде психотропты заттардың заңсыз айналымына қатысты заңнаманың нормалары кеңінен түсіндіріліп, мұндай әрекеттердің жауапкершілікке әкелетіні нақты мысалдармен айтылды. Сондай-ақ жиынға нашақорлықты жеңіп, тәуелділіктен арылған азаматтар да шақыртылды.
«Колледждерге, мектептерге барып жүрміз. Сосын университетте бар. Мен университетте сабақ беремін. Жастарды қорқыту емес, айтып, түсіндіріп, есірткі туралы, басқа да қылмыстан аулақ жүрсін деп түсіндіреміз», – деді прокуратура ардагерлері кеңесінің төрағасы Ғалымжан Тоғызбаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жалғасуда