Тұтынушылардан бөлшек сауда саласына қатысты арыз-шағымның көп түскен
Елімізде қызмет көрсету сапасына қатысты тұтынушылардың арыз-шағымы көбейген. Былтыр алғашқы 3 айда 14 мың өтініш тіркелсе, биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 52,7 пайыз өсіп, 22 мыңнан асқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің мәліметінше, мұндай өсім халықтың құқықтық сауаттылығының артуымен байланысты. Ведомство мәліметінше, бұған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да ықпал еткен. Тұтынушылардан бөлшек сауда саласына қатысты арыз-шағым көп түскен. Бұл бойынша комитетке 8 жарым мыңнан астам өтініш түскен. Сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсету саласында 2 мыңға жуық шағым тіркелсе, байланыс қызметіне қатысты да наразылық көбейген. Бұдан бөлек, онлайн саудаға байланысты 4 мыңнан астам азамат жауапты органға жүгінген. Тұрғындар көбіне тауардың сапасына, уақытында жеткізбеуіне және міндетін орындамауына шағымданады. Дегенмен электронды коммерция саласындағы арыз-шағымдар саны азайып келе жатыр.
«Өткен жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгіздік. Бұрын кәсіпкер тұтынушының шағымына жауап бермесе, оған тек ескерту жасалатын. Қазір бұл талап өзгерді. Енді жауап бермеген кәсіпкерге айыппұл салынады», – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов.
Оқи отырыңыз: «JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды