Жүйені енгізу кедендік рәсімдерді стандарттауға және жеңілдетуге бағытталмақ
Мәжіліс 2024 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжат ЕАЭО мен үшінші тараптардың кедендік шекаралары арқылы тауар тасымалдауға қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ететін кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін қалыптастыруды көздейді.
Жүйе мынадай негізгі элементтерді қамтиды:
Жүйені енгізу кедендік рәсімдерді стандарттауға және жеңілдетуге, транзит кезіндегі бизнестің уақыт пен қаражат шығынын азайтуға, ақпарат алмасуды жеделдетуге, жеткізілімдердің қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.
Сонымен қатар бірыңғай жүйені қалыптастыру халықаралық саудаға қатысушылар үшін рәсімдердің алдын ала болжамды болуын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқи отырыңыз: Ауылдық округтер бюджетін мүлік салығы есебінен кеңейту ұсынылды